HP LaserJet Pro 400 M401

Windows бағдарламалық құралының орнату ескертпелері

1-басылым, сәуір, 2012 ж.

 

 

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ
II. ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫ
III. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК
IV. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР

 

I. КІРІСПЕ

ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАҚСАТЫ

Бұл файлда орнату, үйлесімділік және ақаулықтарды табу мен жою туралы арнайы ақпарат берілген. Өнім және драйвердің мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін, өнімді пайдалану нұсқаулығын және әрбір бағдарламалық құрал құрамдасында берілген электрондық анықтаманы қараңыз.

ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН АМАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Өніммен берілетін ықшам дискіде келесі амалдық жүйелерге арналған бағдарламалық құралдар бар:

32 биттік Windows® XP (2-жаңарту бумасы және одан жоғары)

32 биттік және 64 биттік Windows Vista

32 биттік және 64 биттік Windows 7

32 биттік Windows Server 2003 (3-жаңарту бумасы)

32 биттік және 64 биттік Windows Server 2008

Төмендегі амалдық жүйелерде ұсынылатын бағдарламалық құрал құрамдастарын қолдануға болады:

32 биттік Windows® XP (2-жаңарту бумасы және одан жоғары)

32 биттік және 64 биттік Windows Vista

32 биттік және 64 биттік Windows 7

Ұсынылатын бағдарламалық құрал келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

HP LaserJet Pro 400 M401 PCL 6 (Міндетті)

HP принтер күйі мен ескертулері

HP Update

HP Device Toolbox

HP өнімін жақсарту бойынша зерттеу

HP құрылғы әрекеттестігі

Қосымша бағдарламалық құрал

Bing құралдар тақтасы

Күй мен ескертулер бағдарламасы

Тікелей басып шығару бағдарламалық құралы

Веб-қызметтер

 

ЕСКЕРТПЕ. Орнатылатын бағдарламалық құрал экранындағы «Қосымша орнату опцияларын көру үшін осы жерді басыңыз» пәрменін таңдау арқылы ұсынылған бағдарламалық құралдардың орнына бағдарламалалық құралдардың ең аз жинағын орнатуға болады.

Келесі амалдық жүйелерде бағдарламалық құрал құрамдас бөліктерінің ең аз жинағын ғана қолдануға болады:

32 биттік Windows Server 2003 (3-жаңарту бумасы)

32 биттік және 64 биттік Windows Server 2008

Бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

HP LaserJet PCL6 баспа драйвері

 

HP Smart Install бағдарламасын пайдаланып бағдарламалық құрал орнату үшін компьютердің қатты дискісінде 400 Мбайт бос орын болуы керек. Бағдарламалық құралды ықшам дискіден орнату үшін компьютердің қатты дискісінде 200 Мбайт бос орын болуы керек.

Linux туралы ақпарат және принтер драйверін алу үшін, мына веб-торапқа кіріңіз:
www.hp.com/go/linux

UNIX® туралы ақпарат және принтер драйверін алу үшін, мына веб-торапқа кіріңіз:
www.hp.com/pond/modelscripts/index2.html

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

Windows ықшам дискісінің ішінде IBM компаниясының компьютерлік жүйелерімен үйлесімді бағдарламалық құралдар бар. Арнайы драйверлер немесе бағдарламалық құрал құрамдас бөліктері туралы толық ақпаратты тиісті электрондық анықтамасынан қараңыз.

Драйверлер

Драйвер — бағдарламалық құрал қолданбаларының өнім функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал. Әдетте әр өнімнің драйверлерін орнату керек. Бағдарламалық құралдың өніммен берілетін CD-ROM дискісінде төмендегі Windows драйверлері бар:

Жоғарыда айтылған амалдық жүйелерді қолдайтын HP PCL6 баспа драйвері

Қосымша драйверлерді Hewlett-Packard таратушыларынан немесе интернет ресурстардан алуға болады. Драйверлер мен басқа HP бағдарламалық құралдарын алу туралы қосымша ақпаратты осы құжаттың «Техникалық қолдау» бөлімінен немесе өнімнің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Бағдарламалық құрал қолданбалары

HP анықтамасы және мәліметтер орталығы

HP анықтамасы және мәліметтер орталығы ұсынылатын бағдарламалық құралдар жиынымен орнатылады және өнімнің құжаттары мен анықтамаларын көру орны болып табылады. Өнімнің құжаттарын ұсынылатын бағдарламалық құралды орнатпастан көру үшін, ықшам дискіні ықшам диск жетегіне салыңыз да, орнатқыш экраны ашылғанда, экранның сол жағындағы құжаттармен байланысты түймешікті басыңыз.

HP Device Toolbox

HP Device Toolbox тонер және қағаз көлемі сияқты өнімнің күй ақпаратын, сондай-ақ өнімге көңіл аудару керек болғанда қалқымалы дабыл хабарларын береді. Сонымен қатар, HP Device Toolbox өнімнің параметрлерін реттеу үшін пайдаланылады.

Жою бағдарламасы

Жою бағдарламасы Windows HP өнімі бағдарламалық құралдарының құрамдас бөліктерін жоюға мүмкіндік береді. Нұсқауларды «Жою бағдарламасы» бөлімінен қараңыз.

 

 

II. ОРНАТУ НҰСҚАУЛАРЫ

Ықшам диск арқылы орнату немесе орнату бағдарламалық құралы іске қосылған амалдық жүйенің нұсқасын және тілін анықтайды.

USB кабелін пайдалану кезіндегі Windows орнатымы:

1.
Компьютер мен өнімге USB кабелін жалғаңыз.

2.
Экрандағы нұсқауларды бұл компьютерді USB кабеліне тікелей қосу жолы арқылы орындаңыз.

Ескертпе: Орнату бағдарламасы автоматты түрде іске қосылмаса, компьютерде AutoPlay мүмкіндігі өшіп тұрған болуы мүмкін. Егер осы орын алса Windows Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Компьютер (немесе Мой компьютер (Менің компьютерім)),тармағын таңдап, «Устройство HP (HP құрылғысы)» белгішесін екі рет нұқыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: Егер орнату бағдарламасында қате орын алса, USB кабелін ажыратып, өнімді өшіріңіз де, қайтадан қосып, өнімнің ықшам дискісін компьютерге салыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Кабельді тек бағдарламалық құрал нұсқау бергенде жалғаңыз.

Желідегі принтерлерге арналған Windows орнатымы (сымды немесе сымсыз):

Ықшам дискіні компьютерге салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: Сымды желіні пайдалансаңыз, ықшам дискіні салмастан бұрын желі кабелін қосыңыз.

Mac OS X жүйесі үшін орнатым (USB немесе желі):

Ықшам дискіні компьютерге салып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Ескертпе: USB немесе сымды желі қосылымын пайдалансаңыз, ықшам дискіні салмастан бұрын USB немесе желі кабелін қосыңыз.

ЖОЮ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жою бағдарламасының утилитасын ұсынылатын немесе бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы орнатылған болса қолдануға болады. Жою бағдарламасы HP өнімі бағдарламалық құралының құрамдас бөліктерін жояды.

1.
Пуск (Бастау) мәзірінен алдымен Все программы (Барлық бағдарламалар), одан кейін HP тармағын таңдаңыз. Егер бірнеше HP өнімі бар болса, қажетті өнімді таңдап, бағдарламалар тобындағы Удалить (Жою) түймешігін басыңыз.

2.
Бағдарламалық құралды жоюды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

 

III. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК

Тұтынушыларға қолдау көрсету туралы ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын немесе қораптағы қолдау парақшасын қараңыз немесе жергілікті өкілетті HP дилеріне хабарласыңыз.

Сонымен қатар, онлайн техникалық қолдау алу үшін мына URL мекенжайын қарауыңызға болады:

 

www.hp.com/support/LJM401series

 

IV. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР

САУДА БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУ

Microsoft®, Windows® және Windows® XP — Microsoft корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі.

UNIX® — Open Group компаниясының тіркелген сауда белгісі.

КЕПІЛДІК ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Кепілдік

Толық кепілдікті және қолдау ақпаратын өнімнің заң мен ережелер нұсқаулығынан қараңыз.

 

Авторлық құқық

© 2012 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P.

Авторлық құқықтар бойынша рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, алдын ала жазбаша рұқсатсыз осы құжаттың көшірмелерін таратуға, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

HP өнімдері мен қызметтерінің кепілдіктері тек сол өнімдер және қызметтермен берілетін кепілдік мәлімдемелерінде көрсетіледі. Осы құжаттағы ешбір мәлімет қосымша кепілдік ретінде түсінілмеуі тиіс. HP осы құжаттағы ешбір техникалық немесе редакторлық қателер, не болмаса қамтылмай қалған мәліметтер үшін жауапты емес.